Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
2. «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін» деген 2-кіші бөлімде:
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Зерттеулер нәтижесін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі есеп түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберуі тиіс.»;
қырық үшінші абзацта: