Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 534 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева), Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (С.М. Мадееев), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департамент (Ж.Қ. Шаймарданов) инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
19 желтоқсандағы 2014 жылғы
№ 534 бұйрығымен бекітілген
Инклюзивтік білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі
іс-шаралар кешені
№ п/п | Іс-шара атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көзі |
1. Инклюзивтік білім беруді нормативтік және құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру |
1. | Инклюзивтік білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту | бұйрық | МДОБАТД ТКОКБЖД ЖЖКБХЫД | 2015 жыл | талап етілмейді |
2. | «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына толықтырулар енгізу | бұйрық | МДОБАТД ҰБА ТПҰҒПО | 2016 жыл | талап етілмейді |