Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы (2025.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 17 ноября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 14 января 2015
Дата последнего изменениявоскресенье, 5 октября 2025

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы

(2025.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.15.09. № 689 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 1-бөлігі 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б.Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

 

 

Министр

полиция генерал-лейтенанты

 

Қ. Қасымов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами