Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20, 276-22 және 292-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған
құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша
акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту
қағидалары
1. Жалпы ережелер