Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығы
(2015.21.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1211101, индексі 1-Е, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1211101, индексі 1-Е, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;