Дериваттар тізбесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.15.12. № 346-Ө бұйрығымен (2026 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 222) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.