ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.20.12. № 1598 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
3-қосымша
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.20.12. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін (құжаттардың толық топтамасын) қабылдау және оның нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде.