Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 31 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 289 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда жазылсын.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;