Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 7 шілдедегі № 255-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы | К. Туткышбаев |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 255-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: