«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы №10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 22/464 Қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 22/36 Қаулысымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
Республика Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының сайлау комиссиясы хаттамасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауда дауыстарды санау нәтижелері туралы хабардың нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық-құқықтық және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімдері:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы | Н. Абдиров |
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының Төрағасы
2022 жылғы 1 сәуірдегі