Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімі
(2019.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданында сайлау учаскелері 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Атбасар ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.А. Виншуге жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Т.Боранбаев
«14» желтоқсан 2018 жылы
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2019.20.05. № 5 шешімімен (бұр.ред.қара); Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2019.19.09. № 11 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Атбасар ауданы әкімінің
2018 жылғы 14 желтоқсан
№ 11 шешіміне
1-қосымша
Атбасар ауданының сайлау учаскелері
| 1. | № 199 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 6, «Атбасар ауданының білім бөлімінің Покровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Покровка ауылы. |
| 2. | № 200 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Полтавка ауылы, Семен Петренко көшесі, 41, «Атбасар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Полтавка ауылдық мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Полтавка ауылы. |
| 3. | № 201 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Титовка ауылы, Достық көшесі, 32, Титовка клубының ғимараты. Шекарасы: Титовка ауылы. |
| 4. | № 202 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Борисовка ауылы, Семен Клименко атындағы көше, 40, «Атбасар ауданының білім бөлімінің Борисовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Борисовка ауылы. |