Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1- тармағы 1) тармақшасына, сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 119 840,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 192 625,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 11 911,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 72 101,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 1 843 203,0 мың теңге;
2) шығындар - 4 119 840,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0,0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 94 864,0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -94 864,0 теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 теңге;
қарыздарды өтеу - 94 864,0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 теңге.
2. Қала бюджетіне Абай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен белгіленген әлеуметтік салық бойынша 95 пайыз, төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі 2025 жылға 94 пайыз мөлшерінде орындауға қабылдансын.
3. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 45 532,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 537 496,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.