Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII «Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 10 қазандағы № 32/207-VIII шешімі
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/153-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Курчатов қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 818 372,3 мың теңге:
салықтық түсімдер - 2 323 867,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 14 511,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 39 852,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 1 440 142,2 мың теңге;
2) шығындар - 4 757 013,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 94 864,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 843 777,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 843 777,3 мың теңге:
қарыздар түсімі - 452 542,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 486 099,3 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1 172 116,7 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2025 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 20 267,5 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | Г. Хусайнова |