Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсібін дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 489-НҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 217, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 446, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021жылғы 29 шілдедегі № 265 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығы
(2023.27.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың 2021 жылғы 9 маусымдағы № 17-13/3612 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол карта) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, Жол картасының орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын;
2) жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі 25-күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.