Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру нұсқаулықтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 33 Қаулысы
Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру нұсқаулығы;
1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп» (индексі 2-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп» (индексі 2-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру нұсқаулығы;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге ұсынылған) теміржол көлігі қызметтері туралы есеп» (индексі 3-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге ұсынылған) теміржол көлігі қызметтері туралы есеп» (индексі 3-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру нұсқаулығы;