Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін білім алушыларды уақтылы анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 61 бұйрығына
қосымша
Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Әдістемелік ұсынымдар жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған.
2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.
3. Мектепішілік есепке алу (бұдан әрі - МЕ) келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға;
білім алушыны білім беру ортасының жағдайына бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға;
ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге;
кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға;
білім алушыларға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталады.
2-бөлім. МЕА-ның тәртібі