Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 676 ҚБП қаулысының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 543 бұйрығымен бекітілген
Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Экономиканы жедел дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 676-қбпү қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) 4-тармағына сәйкес әзірленген және Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: