Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2523290000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында, басқалары; 2523900000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында, өзге де гидравликалық цементтер;
құрғақ құрылыс қоспаларын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3824509000 - құйма нысандары немесе құйма сырықтардьі өндіру үшін дайын байланыстырғыш заттар; басқа жерде аталмаған немесе енгізілме-ген химиялық өнімдер мен препараттар, өнеркәсіптің химиялық немесе аралас салаларының өнімдері мен препараттары (табиғи өнімдердің қосындысынан препараттар), өзге төзімсіз құрылыс ерітінділері мен бетондар;