Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 «Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 259 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 «Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26946 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 259 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 21 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Аудандар, қалалар бойынша объектілердің атауы |