«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1047 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.