Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-8 тармағына, 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық
маслихатының 2019 жылғы
4 қазандағы № 37/2 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және
қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.