Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 830 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 615 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 75-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 830 қаулысымен бекітілген
Цифрлық деректерді басқару жөніндегі
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптар (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарды айқындайды.
2. Талаптардың ережелері арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады.