«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 928 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 89-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 928 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер
мөлшерлемелері
| | | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) |
| Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0- 2710 12590 0) | Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0- 2710 19 480 0) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (шілде - қараша) | 24 435 | 9300 |
| 2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (желтоқсан - маусым) | 24 435 | 540 |