Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
1) «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 288 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде №3074 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 сәуірінде жарияланған) қаулысы;
2) «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы №122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 3581 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанында жарияланған) қаулысы.
4. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.