Бюджет процесінің цифрлық объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 254 бұйрығы
(2026.24.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.09.10. № 685 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.09.10. № 685 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бюджет процесінің цифрлық объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚР Қаржы министрінің 2026.09.10. № 685 бұйрығымен талаптар жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 254 бұйрығымен
бекітілген
Бюджет процесін цифрландыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер