Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 98 бұйрығы
Осы бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 125 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 98 бұйрығымен
бекітілген
Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер