Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |
Қызылорда облысының әкімі
2020 жылғы 6 ақпандағы
№ 163 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 940 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5008 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 11 маусымда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған).
2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 33 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5064 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 28 шілдеде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 тамызда жарияланған).