«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы іске асыратын мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметтерінің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 390 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы іске асыратын мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметтерінің бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланған күннен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.