«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49-3) тармағына сәйкес, адамгершілік-рухани білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдары туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 195 бұйрығына
1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру
жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарының
тізбесі
1. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 29 балабақша;
2. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 9 балабақша;
3. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 59 мектеп-лицей;
4. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 22 мектеп-гимназия;
5. Нұр-Сұлтан қаласындағы Гуманитарлық колледж;
6. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы «Арман» балабақшасы;
7. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы № 39 балабақша;
8. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы № 32 мектеп-гимназия;
9. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі;
10. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі;
11. Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы «Мерей» балабақшасы;
12. Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы «Байтерек» балабақшасы;