Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 50 Қаулысы
Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30 - 18 болып тіркелген), келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1- ші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.