Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев
2014 жылғы 5 қараша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 511 бұйрығымен
бекітілген
Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру
кағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және әскери басқару органдарының қылмыстық процеске қатысушы адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Әскери басқару органдары - бұл стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары.