«2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 48-5 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 40-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4065 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «64615900» сандары «65758707» сандарымен ауыстырылсын;
«5282190» сандары «6424997» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «66612016» сандары «67705870» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «1933598» сандары «1982551» сандарымен ауыстырылсын;
«1933598» сандары «1982551» сандарымен ауыстырылсын;
2 тармақта:
«276217» сандары «477729» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Н. Мауленов |
| Тараз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 48-5 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 40-3 шешіміне 1 қосымша
Тараз қаласының 2019 жылға арналған бюджеті