ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
(2024.04.09. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
ҚР Президентінің 2024.04.09. № 640 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпаратты Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіпте және мерзімде ұсынсын;
3) Тұжырымдаманы орындаудың аралық нәтижелерін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 22 маусым
№ 938
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 938 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
1-бөлім. Паспорт
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
4-бөлім. Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласын дамытудың пайымы
5-бөлім. Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер