«Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № А-8/347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № А-4/128 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № А-2/57 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № А-8/347 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4951 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ж.А. Смайыловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/128 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ А-8/347 қаулысымен
бекітілді
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде,
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер