«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 143-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 143-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
тізбесі
| р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |