Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 250 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7445 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
1), 2) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 14 918 405,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 341 382,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 35 553,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 453 686,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 087 784,0 мың теңге;
2) шығындар - 15 189 819,9 мың теңге;»;
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 333,5 мың теңге;»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы | М. Мамонтова |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Байгужин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный
қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
З. Жигунова
27 сәуір 2018 жыл
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 250 шешіміне
1-қосымша
Мәслихаттың
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 187 шешіміне
1-қосымша