ҚР СТ 1766-2008
Теміржол көлігі
Теміржол жылжымалы құрамының тежегіш цилиндрлері
Жалпы техникалық шарттар
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Негізгі параметрлер мен өлшемдер
4. Техникалық талаптар
5. Қауіпсіздік талаптары
6. Қабылдау ережесі
7. Сынау әдістері
8. Тасымалдау және сақтау
9. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар
10. Дайындаушы кепілдігі
Қосымша (анықтамалық). Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт ауаның жұмысшы қысымы 0.6 МПа (6,0 кгс/см2) дейінгі, теміржол жылжымалы құрамның тежегіштік иінтіректік бергіштерінде қолданылатын тежегіш цилиндрлерге (бұдан әрі - цилиндрлер) таратылады.
Дайындаушымен келісім бойынша жұмысшы қысымы 0.8МПа (8.0 кгс/см2) дейінгі цилиндрлерді қолдану рұқсат етіледі.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандарта мынадай стандарттарға нормативтік сілтемелер пайдаланылды:
ҚР СТ 2.4 - 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 2.11 - 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі. Негізгі ережелер.
ҚР СТ 2.12 - 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі. Өлшеу құралдарын калибрлеу. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 2.75 - 2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Сынақ жабдығын аттестатау тәртібі.
ГОСТ 2.106-96 Құрастырмалық құжаттың бірыңғай жүйесі. Мәтіндік құжаттар.
ГОСТ 9.032-74 Жегі мен ескіруден қорғаудың бірыңғай жүйесі. Лак-бояу жабындары. Топтар, техникалық талаптар және белгілеулер.
ГОСТ 9.104-79 Жегі мен ескіруден қорғаудың бірыңғай жүйесі. Лак-бояу жабындары. Пайдалану шарттарының топтары.
ГОСТ 12.0.003-74 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жіктеу.
ГОСТ 12.2.003-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.