Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісі туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 62 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісі туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 62 бұйрығы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісі туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 62 бұйрығы

 

Прокуратура органдарына ведомстволық қатыстылығын айқындау мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісі бекітілсін.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісінің үлгісі мен сипаттамасы;

2) «Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісінің есебін жүргізу, беру, тағып жүру, сақтау мен жою Ережесі бекітілсін.

3. Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлеріне «Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісін беруді және есебін жүргізуді ұйымдастырсын.

4. Бас прокуратураның Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры «Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісін дайындау кезінде оның сапасына бақылауды және уақытылы дайындалуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

6. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 62 бұйрығымен

бекітілді



«Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісінің
үлгісі мен сипаттамасы

 

«Қазақстан прокуратурасы» кеуде белгісі екі құрамды (негізі мен қондырмасы) құрылымнан тұрады, диаметрі 22 мм.

Негізі мен қондырма элементі сары түсті металдан (латунь) дайындалады.

Кеуде белгісі көк түсті, ою-өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыз түрінде жасалады, онда көк түсті дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанда өзара айқастырылған, жүздері төмен бағытталған екі қылыш бар. Қалқанның ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі орналасады. Қалқан ұлттық ою-өрнек белгісімен жиектелген.

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!