«Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығына және «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 276/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32315 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы беріліп отырған «Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: