«Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есепте қағидаларын бекіту туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 367 Қаулысы
Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 қаулысына төмендегі өзгеріс енгізілсін:
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1 - қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 367 қаулысына
қосымша
Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын есептеудің
қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
| 1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
| 2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
| 3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
| 4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын |