Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 шешімі
(2025.19.05. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2025.28.04. № 427 шешімімен тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «жұмсаған» сөзі «жұмсалған» сөзімен ауыстырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы | С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 365 шешіміне қосымша
Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері