Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің 2024 жылғы 6 ақпандағы № 2 өкімі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереженің 6-тармағына сәйкес осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімі;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 1 өкімі.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі | Е.Қарин |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кеңесшісінің
2024 жылғы 6 ақпандағы
№ 2 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ
| Қарин Ерлан Тынымбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға |
| Жали Алмас Қайратұлы | - кәсіпкер, төрағаның орынбасары |
| Сүлеймен Олжас Серікбайұлы | - «Team Qazaqstan» жобасының жетекшісі, төрағаның орынбасары |
| Кочетов Евгений Дмитриевич | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы |
Кеңес мүшелері:
| Абдуллаев Расул Курванжанович | - маркетолог (келісім бойынша) |
| Ақтаев Жандос Берікұлы | - «Есірткісіз болашақ» қорының төрағасы (келісім бойынша) |
| Атабаева Гүлзира Нұржанқызы | - «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі (келісім бойынша) |
| Әбікен Азат Болатұлы | - продюсер (келісім бойынша) |