Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 Қаулысы
(2025.20.06. берілген өзгерістермен)
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 276 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»