2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 222 355 386 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 41 050 955мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 092 139 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 178 212 292 мың теңге;
2) шығындар - 226 855 386 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 4 292 093 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -5 820 897 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 112 990 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу -0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 207 907 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 207 907 мың теңге;
қарыздар түсімі - 5 820 897 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 612 990 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге;
2. 2020 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін: