Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 337 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары бекітілсін.
2. Бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары тиісті қаржылық жылға бөлінген қаржы шегінде жүргізілсін.
3. Арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады.
Арнайы автокөлік - салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 337 бұйрығымен
бекітілген