Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығы
(2019.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2018.20.12. № 1095 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi (101.01 - 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);