Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 178 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сактау министрлігінің Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің (РММ)
басшысы
Е. Дәулетбаев
2022 жылғы 18 мамырдағы
«Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Қостанай облысының
Полиция департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е. Омарбеков
2022 жылғы 18 мамырдағы
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология, және табиғи ресурстар
министрлігінің Экологиялық реттеу
және бақылау комитеті Қостанай
облысы бойынша экология
департаменті» РММ басшысы
Т. Сәбиев
2022 жылғы 18 мамырдағы
«Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық
басқармасы» ММ басшысы
Д. Асқаров
2022 жылғы 18 мамырдағы
Қостанай облысы мәслихатының
2022 жылғы 18 мамырдағы
№ 178 шешіміне
қосымша