Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды және әкімшілік актілердің үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 57-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) ережесінің 19-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-32-қосымшаларға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық;
3) осы бұйрыққа 33-39-қосымшаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне әкімшілік актілер мен жауаптардың үлгілері бекітілсін.
2. Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері:
1) Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің (көліктегі) әкімшілік рәсімдердің диагностикасы мен мониторингін тұрақты негізде жүргізуін;
2) әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты тоқсан сайын өзектендіруді;
3) Комитеттің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне тоқсан сайын ұсынуды;
4) тұрақты негізде әкімшілік практиканың біркелкілігін сақтауды қамтамасыз етсін.