«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 516 бұйрығы
(2026.08.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.19.03. № 121 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабынажәне «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.