ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2026 жылғы 26 қыркүйектегі № 1503 Жарлығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 16 сәуір
№ 1234
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 1234 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2-тарау. «Ұлттық» мәртебе беруге үміткер мемлекеттік архивтерге қойылатын талаптар
2. «Ұлттық» мәртебе архив ісі саласындағы қызметі ерекше мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар және мынадай талаптарға сай келетін мемлекеттік архивтерге беріледі:
1) бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес кемінде жиырма жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асыру;
2) кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігін, сапасы мен нәтижелілігін арттыру үшін өз қызметіне инновацияларды ендіру;